Сириялық жетім балалар Криштиану Роналдуға алғыс айтты

/uploads/thumbnail/20170709191324939_small.jpg

«Алтын доптың» төрт дүркін иегері бұл жолы да назардан тыс қалмады.

«Реал» мен Португалия құрамасының жұлдызы, «Балаларды құтқарайық» бағдарламасының қатысушысы Криштиану Роналду жұма күні Сириядағы балаларға қолдау білдіріп, видео жолдады. Видеода сириялық жетім балаларды «нағыз батырлар» деп атады. Балалар да құр қарап қалған жоқ. Футболистың құрметіне үлкен баннер жасап, алғыстарын білдірді.

«Сириялық жетімдер сізге алғыс айтады, Криштиану Роналду».

Бұған дейін Роналду қараша айында қайырымдылық қызметі үшін Палестинаның «жыл адамы» атанған болатын.

Қатысты Мақалалар