Бұл жайында мемлекеттің премьер-министрі Ж.Эрдэнэбат мәлімдеді.
2017 жылы Монғолияның билік өкілі астанадағы ауа сапасын жақсартуды, аудандарды электрмен жабдықтауды қамтамасыз етіп, электроэнергияның тарифын нөлге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл тариф 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Монғолияның премьер-министрі Жаргалтулгын Эрдэнэбат ұлттық комитеттің отырысында ауаны тазалауға тиімді шараларды қолдану керектігін де алға тартты.
Монғолияның ұлттық комитетіне ауаның ластану көрсеткішін төмендетуге байланысты 2017 жылы мемлекет қаржысынан 5 млрд. ($2 млн) тугрик бөлінді.