Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: - «Ең бастысы, тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар» - деп атап өткен болатын. Елдің де жердің де атақ абыройын еңбек адамдары шығаратындығы белгілі.
Арыс қаласының әкімі Мұрат Болатұлы: - «Нағыз еңбек адамы елдің баянды бағы. Біздің алдымызда тұрған міндет те еңбек етемін дегенге қызмет беріп, еңбек адамдарының абыройын асқақтату болып табылады» -деді.
Бүгін Арыс қаласында өткен «Алтын күз – 2016» мерекесінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Бас жүлдені» Монтайтас ауылдық округ әкімдігі жеңіп алды. Жеңімпазға су жаңа «Нива» автокөлігінің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.
Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қалалық «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінде қала, ауыл өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламалары мен көрмелерін халыққа ұсынған болатын.
Қос мерекенің қуанышты сәтінде «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.
«Бас жүлдеге» тігілген «Гранта» автокөлігінің кілті Жиделі ауылдық округінің өнерпаздарына табысталды. Сондай-ақ, үздік өнер ұжымдары мен өнерпаздарын «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.