Владимир Андрейченко: «Экономикалық одақ таза саяси жобаға айналды»

/uploads/thumbnail/20170709191347664_small.jpg

Мәскеуде өткен Парламенттік жиналысында Одақтық елдердің қаржылық қорына дауыс беру жоспарланған. Белорусияның Ұлттық жиналысының Палата уәкілеттілігінің төрағасы Владимир Андрейченко Еуразиялық экономикалық одақтың қажетті деңгейде жұмыс істемейтінін айтты деп хабарлайды by24.org.

«Еуразиялық экономикалық одақ біздің мүддемізді ойламайды. 2015 жылы 1 қаңтарда ЕЭО құрылғалы бері бірде-бір салмақты экономикалық шешімдер қабылданбады. Дәрі-дәрімек нарығына қатысты құжаттарға қол қойылды. Алайда оның өзі бір жылға кешікті. Өкінішке орай, ол тәжірбие жүзінде іске аспады да. Экономикалық одақ таза саяси жобаға айналғандай әсер қалдырады. Қолымызды жүрегімізге қойып, өзімізден сұрайықшы, біздің қарым-қатынасымызда барлығы дұрыс па? Қазіргі жұмыс жағдайы көңілден шыға ма? Абсолютті түрде жоқ!» деді Владимир Андрейченко.

Сонымен қатар В.Андрейченко Белоруссия мен Ресейдің қазіргі мәселелеріне де тоқталды.

«Белгілі болғандай ЕЭО құру біздің ел үшін тиімді болмады. Оның себебі көптеген екі жақты саудадағы қиындықтар. Еуразиялық экономикалық одақ аясында Белоруссия мен Ресей арасында газ бағасы бірдей болады деген шешім қабылданған еді. Алайда ол қағаз жүзінде қалып қойды. Нәтижесінде Белоруссия экономикасының соңғы 10 жылдағы салмағы 15 миллиард долларды құрады».

Сонымен қатар Владимир Андрейченко ресейлік БАҚ Белоруссияны Ресейдің арқасында күн көріп отырған ел ретінде көрсетіп отырғаны ұнамайтынын да жеткізді. Бұл жағдайлар интеграциялық мәселелерге жағымсыз әсер етіп, оның жұмысын тежейді деп есептейді.

Жақында белорусстік билік «Регнум»  ақпарат агенттігінің 3 ресейлік авторын тергеу изоляторына жібергенін естеріңізге саламыз. Олар «Белоруссия Ресейдің бір бөлшегі, ал олардың тілдері орыстардың диалектісі» деп жазған болатын.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко алғаш рет ЕЭО пен ҰҚКҰ отырыстарына қатыспады.

 

Қатысты Мақалалар