Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жиыны өтті. Жиынға аудан әкім М. Исаев, ауыл кент әкімдері, агроқұрылым өкілдері, шаруа қожалық иелері, және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа мал шығаратын «Дисада» ЖШС- нің директоры С. Сүлейменов қатысты.
Ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ә. Сахиұлы хабарлама жасады. Жиында қаралған негізгі мәселе келер жылы Араб мемлекеттеріне майда малды экспортқа шығаруды қолға алып, оған ауыл кент әкімдері мен шаруа қожалық иелерінің атсалысу қажеттігі айтылды. «Дисада» ЖШС-нің директоры С. Сүлейменов Араб мемлекеттерімен екі жақты келісім бар екендігін айтып, Қазақстанның ет өнімдеріне деген сұраныстың көп екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, жиында мал азығын дайындау, алдағы уақыттары жылыжай салу мәселелері сөз болды.
Қортынды сөз сөйлеген аудан әкімі М. Исаев: «Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Араб мемлекетіне экспортқа мал шығару аудан ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосады. Ал, оны тиімді пайдалану сізбен біздің міндетіміз»,- деді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.