Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды өсуінің негізгі факторы, оның экономикадағы қазіргі таңдағы нарықтық қағидалары негізінде тез өркендеуі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында табиғаттың әртүрлі болуына байланысты ауыл шаруашылығына бағытталған бағдарламаларды орындау кей аймақтарға қиындық тудырса, Сарыағаш ауданында осы сала бойынша барлық жоспарды орындау жүзеге асырылуда.
2016 жылы аудан бойынша 77700 тонна астық, 2962 тонна майлы дақылдар дәні, 79380 тонна бақша өнімдері, 125514 тонна картоп, 498450 тонна көкеніс өнімдері, 16619 тонна жеміс, 9924 тонна жүзім, 25469 тонна ет, 82312 тонна сүт, 33 млн.11 мың дана жұмыртқа өндірілген және мал азығы үшін 580972 тонна ірі сояулы мал азығы дайындалған. Өндірілген өнімнің жалпы құны осы жылдың 11 айында 72 млрд. 933 млн. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Ол өнімнің 24 млрд. 33,7 млн. теңгесі мал шаруашылығына, 48 млрд. 899,5 млн. теңгесі өсімдік шаруашылығы саласына тиесілі.
Ауданда аталған сала бойынша өсу бар, мәселен 2016 жылы аудан бойынша 77400 гектар егістік жерлерді игеру межеленген бола, нақты 79518,7 гектар егістік жерге және суармалы жерге 45013,8 гектар егістік егілген. 45,41 гектар егістік жерге жылыжай салынып, іске қосылды. Тамшылатып суару бойынша ендірілген жер көлемі 594,6 гектар болса 75 гектарға қарқынды бау отырғызылды. 2016 жылдың өнімі үшін 13700 гектар егістік жерге терең қопсыту жұмыстарын жүргізу жөнінде белгіленген жылдық меже 100 пайызға орындалды.
Биыл аудан бойынша 107 бірлік ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6125 бас ұсақ мал сатып алынып, 261 бірлік шағын бордақылау алаңдары құрылған. «Құлан» бағдарламасы бойынша 383 бас бие, «сыбаға» бағдарламасы бойынша 3330 бас сиыр сатып алынған. Осы жылдың 11 айында аудан бойынша тірі салмақта 25469 тонна ет, 82312 тонна сүт және 33 млн.11 мың дана жұмыртқа өндірілген. Сарыағашта бір сауын сиыр орта есеппен 2022 келі сүт берді. 2016 жылдың соңына қалатын ірі қара мал санын 83529 бастан кемітпеу жөнінде белгіленген меже 105,3 пайызға орындалған. Бүгінгі таңда ауданда 87935 бас ірі қара мал өсірілуде.
Сүтті бағытта 15313 бас, етті бағытта 2925 бас ірі қараны және де 5000 бас биязы жүнді қойды қолдан ұрықтандырылды. 2016 жылы аудан бойынша жұртшылық табынға 110 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған болса, нақты 126 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылы 5 бірлік инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде белгіленген жылдық меже 100 пайызға орындалып инвестициялардың нақты көлем индексін 135 пайызға жеткізу жөніндегі белгіленген жоспар толық орындалады деп күтілуде. Ауданда 6 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осы салада 2016 жылы 350 жаңа жұмыс орындарын ашу межеленген болса, нақты 435 жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды.
Сарыағашта ауыл шаруашылықты және қайта өңдейтін кәсіпорындарды қайта қалыптастыру, агросервисті ұйымдастыру және нарықтық қатынастардың қалыптасуын өндіріс құрылымында және тауар өнімінің, өндірістік шығындармен өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылық саласының табысына маңызды өзгеріс алып келеді.
Дастан Асқарұлы