Бұл туралы «Қазақстан РТРК» басшы Кемелбек Ойшыбаев жариялады.
«Құрметті достар!
«Қазақстан» корпорациясында жаңа өзгерiстерiмiз бар.
Бiрiншiден "Алтын қор" атты Департамент ашып әрiптесiмiз Разия Ыдырысбаеваны басшылыққа тағайындадық. Басты мақсат таспада тұрған корларымызды жүйелi түрде цифрландырып, ұзақ жылға сақтап, ұрпаққа қалдыратын ынғайлы, жүйелi қор жасау.
Екiншi, Семей қаласындағы аймақтық филиалдың жаңа басшысын тағайындадық. Елге белгiлi, тажiрибелi журналист, публицист Дидар Амантай бүгiннен бастап сол қызметке кiрiстi.
Манғыстау областық филиалдың директорының мiндетiн атқаруды әрiптесiмiз, ақпараттық бағдарламалар дирекциясының орынбасары, қаламы ұшқыр журналист Жалғас Алтаевқа тапсырдық. Жалғас әзірге директор міндетін атқарушы болады.
Әрiптестерiме сәттiлiк тiлеймiн!», деп жазды корпорация басшы Ойшыбаев.
Айта кетер болсақ, Дидар Амантай - (1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы) - жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Бұған дейін Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бас редакторы қызметін атқарған.
Орта мектепті бітірген соң, 1986 жылы Қазақ политехникалық институтына, металлургия факультетіне (орыс бөлімі) оқуға түседі түседі. Бірінші курсты аяқтаған соң, 1987 - 1989 жылдары Қиыр Шығыста, Владивосток қаласына таяу маңда әскери қызметте болады. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994—1997 жылдары Темірбек Жүргенев атындағы Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 2000 жылы Словакия астанасы – Братислава қаласында тоғыз айлық АҚШ жорналшылар курсында (ағылшын бөлімі) оқиды.
Дидар Амантай бүгінге дейін
1987—1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі;
1997 — 2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі;
2002 — 2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі;
2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы;
2005 — 2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры;
2004 — 2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы;
2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры;
2006 — 2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі;
2009 — 2015 жылы шілдеге дейін Ш. Айманов атындағы « Қазахфильм » Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы қызметтерінде болды.