Путин «ислам» мен «террор» сөздерін бір ұғымда қолдануға қарсы шықты

/uploads/thumbnail/20170709191452697_small.jpg

Ресей Президенті Владимирович Путин «ислам» сөзі мен «террор» сөзінің қатар қолданбау керек екендігін мәлімдеді. Бұл жайында ол 23 желтоқсан күні өткен үлкен пресс-конференцияда айтқан болатын деп хабарлайды newsru.com, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Тілшінің «Егер террор дінге де, мемлекетке де қатысты болмаса, БАҚ өкілдерінің Исламдық мемлекет деп қолдануларына тыйым салу керек пе?» деген сұрағына Ресей президентінің жауабы мынадай болды.

«Сіз қай басылымның тілшісісіз? Бүгінгі Кавказ ба? Сіздерге тыйым салуға болады ма? Менің ойымша, бұл болашағы жоқ нәрсе», - деп әзілдеді Владимирович Путин.

«Ислам» мен «террор» сөздері қатар қолданбаса екен деймін», - деп қоса кетті.

Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын Ресейлік БАҚ өкілдері «Исламдық мемлекет» деген тіркесті ДАИШ (от al-Dawla al-Islamiya al-Iraq al-Sham, что и означает "Исламское государство Ирака и Леванта") деген сөздермен ауыстырып қолданғысы келген. Топтың мұндай атауы Араб елінде қалыпты болып табылғанымен, Ресей Федерациясында әлі күнге дейін кең қолданысқа түсе қоймады.

Дмитрии Кисилев: «Ислам діні терроризм сынды варваризммен қатар тұрмауы керек. ДАИШ-тың орнына ИГИЛ деп қолдану ресейліктерді террористердің сыбайласы етіп көрсетеді.»

Ресейдің fsb.ru сайтында атауларында «ислам» және «мұсылман» дейтін сөзлер көп кездесетін тыйым салынған террористік ұйымдардың тізімі жарияланған.

«Исламдық мемлекет» - 2006 жылдың қазан айында құрылған Сирия мен Ирактың территориясында жұмыс істейтін, Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар