Бүгін келіп қосылдым баласына текті елдің,
Дәмін таттым іздеп кеп Сарыарқа деген бөктердің.
Ортаңа келіп жайластым тамыр тартып көктермін,
Халқына келіп қосылдым қасиетті қара өткелдің.
Миллиардтар елінен біреуімін көптердің,
Қытайда мекендеп ұзақ жыл азық жеп келдім
Қазағым, қалың елім деп осылай таман жөткелдім.
Қуанышыңа ортақпын дұшпаныңа кектендім.
Отаныңды қорғаймын сетінесең септелдім.
25 жылдық мемлекет құттықтайын деп келдім!
Жас жасаған тарихшы ата көрем деп келдім,
Жайлы болса қонысым жата берем деп келдім.
Кейінгі туған ұрпаққа бата берейін деп келдім.
Ақылы артық адаммен кеңесейін деп келдім,
Шамам келсе құлшынып теңесейін деп келдім.
Жазда келсем жадырап ән салайын деп келдім
Тірілмеген мұраға жан салайын деп келдім
25жылдық жеңісін қарсы алайын деп келдім!
Бөрік қып киген намысың,
Көктуың көкте желбіреп,
Қазақтың қазақ екенін дүние халқы танысын!
Біразырақ сөйлейін, өткендердің арыcын,
Жаяу Муса, Біржан сал, Үкілі ыбырай,
Ақан сері, Балуан Шолақ Нартай,
Әбу Насыр Әл Фараби, Мұқағали Мақатай,
Шәмші Қалдай, Абай Құнанбай,
Мұқағали, Тұманбай,
Қасым Аманжол, Әсет Найманбай,
Солардың рухы бізге дарысын.
Дами берсін Астанам,
Ғимарат болсын баспанаң!
Отаншыл болып ержетсін,
Бүгінгі туған жас балаң.
Шалқи берсін дәулетің
Нұрсұлтан Әбіш бастаған.
Өршіл болсын жастарың,
Дәретсіз жерді баспаған.
Биіктерге биікте,
Ержүрек болып асқар ән.
Қазақым мықты ұлық бол,
Еврей мен немісті,
Күншілік жерге тастаған.
Жақсы болып жастарың,
Жақсыларды баптасын,
Жамандықты баспасын.
25 жылдық мемлекет,
Өзің ойлаған достарың,
Үй үстіне үй тусын,
Домбырада күй тусын.
Ел бастайтын данышпан,
Елім дейтін көп ұл тусын.
Керек болса тектесін,
Сотқар болса соттасын.
Шалқи берсін дәулетің
Тола берсін отбасың.
Есірткі сатқан есіріп,
Жынын бүркіп кетпесін.
Арақкеш болып жігіттер,
Маскүнем болып кетпесін.
Қаскүнем болып кетпесін.
16 миллион халықтың берекесі кетпесін.
Біткен жақсы жиылса,
Бәрі саған жетпесін.
Осы келген ырызық,
Қуаласа кетпесін!
Қызырбек Ахметқалиұлы,
Шыңжаң Қазақ мәдениеті қоғамының мүшесі, Санжы қалалық ақындар қоғамының және Батаның бекзаттық мұрагері Ашылы ауылы ақындар қоғамының төрағасы.