Беларусия президенті Лукашенко Ресейдегі өздерін джихадистер деп санайтын адамдарға ашулы түрде өз ойын жеткізді.
«Мұсылмандар сендерді ешқашан кешірмейді. Неге Сирияға тиісе бересіңдер, ол үшін әлі жауап беретіндеріңді білесіңдер ме?» - деп ашулы күйде сөйледі.
– Сіздің Башар Асадтың ұлымен қарым қатынасыңыз қандай?, - деген Ресейлік тілшінің сұрағына Лукашенко былайша жауап берді:
– Өте жақсы, ол өзі жақсы адам. Сіз онымен бір рет кездесіп көрсеңіз, сізге де ұнап қалады.
– Ал оның Сириядағы істеп жатқан тірліктері жайлы не айтасыз?
– Оны істеп жатқан ол емес, оны істеп жатқан, Ресейліктер, сендерсіңдер. Неге сендер олардың ісіне араласып, Сирияға неге тиісе бересіңдер? Сендер қаруланасыңдар да, ақшаны бөліп, сол жаққа қаруланған әскерлеріңді жібересіңдер. Ешбір адам, өзімен өзі келіп бір мемлекетті төңкере алмайды, әсіресе, ақшасы жоқ адамның қолынан мұндай әрекет келмейді.
– Сириядағы оқиғалардан соң мемлекеттің жағдайы қалай болады?
– Сирия үшін бұл үлкен қайғы, келешегі емес, қазіргі таңда олардың жағдайы өте қайғылы, олар үшін бұл үлкен апат. Сендер бір мемлекеттің көзін жойып жатырсыңдар. Мұсылмандардың өзіндік заңы бар. Олардың заңында қанды кек дейтін үрдіс бар, қаншама көз жұмған мыңдаған адамдардың өлімі үшін олар кек алмай қоймайды. Сендер әлі жасаған тірліктерің үшін жауап бересіңдер, - деп түйіндеді Лукашенко.