ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЕСЕЛЕП ӨСІРУ – МЕМЛЕКЕТТІ КЕДЕЙЛЕНДІРУ

/uploads/thumbnail/20170709191612105_small.jpg

Сенаторлар алдында Жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев «шенеуніктердің жалақысын екі есеге өсіру арқылы жемқорлықты жою» туралы тосын ұсыныс айтты. Оның сөзінше Жемқор мемлекеттік қызметкерлер соңғы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард теңгеге шығын келтірген.

«Грузияда шенеуніктердің санын 3 есе азайта отырып, жалақысын 3 есе көбейткен. Біз Ерғожин мырзамен осыны мәселені талқылаған болатынбыз. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің санын 35 пайызға азайтса, әкімшілік шығындарды есептей отырып, еңбек ақысын 2 есеге көбейтуге болады. Бұдан басқа жағдай жасау мен мемлекеттік қызметке беки түсудің басқа мүмкіндігі жоқ. Әрине, бұл үшін тыңғылықты жұмыс жүргізу керек. Мұны біз жоба ретінде ұсынып көрмекпіз. Бұл арқылы барлығы өткен», - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Бұған байланысты қоғамда наразылық туып үлгерді, «Қамшы» порталы поштасына Қазақстан Журналистер одағының ардагері Жұмат Әнесұлының хаты түсті, хатта ол үкіметке өз наразылығын жариялады:


ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕМЬЕРІ САҒЫНТАЕВ мырзаға,
ҚР МӘЖІЛІСІНЕ
(қарсылық -протест)


Чиновниктердің жалақсын екі есе өсіруге қарсымын! 


Бір ғана "Самұрықта" (и дoчерние) 600мың чиновник бар деседі. Бәрін қоссаңыз минимальный зейнетақы алатын еңбек ардагерлерінің санынан асып кетеді екен. Сонда 
жаңа жылдан кейін минимальный зейнетақы алатындар 40мың теңгемен күн көріп, чиновниктердің жалақысы миллионнан асып тұрса, бұл қай моральға сыйады!
Халықтың төлейтін салықтан чиновниктің жалақсын көтеріп, халықтың өзін "мусорға" итеруге бола ма! Миллионнан асатын минимальный зейнетақы алатындарды, қайыр сұрауға итермелемей, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға Сіздер міндеттісіздер. Минимальный зейнетақы алатындарды 70-мың алатын зейнеткерлердің зейнетақысына теңестіруді талап етемін.
Чиновниктердің жалақысын екі есе өсіруге қарсылық білдіремін!
Соларға жұмсалатын қаржыдан минимальный зейнетақы алатындардың жағдайы жақсартылсын!
Чиновниктердің еңбеақысын көтеруге жұмсалатын қаржы мен минимальный зейнетақыны көтеруге қажет қаржыны есептеңіз! Халықтың әлеуметтік жағдайын инфляцияның жағдайына сәйкес көтеріп отыру мемлекеттің міндеті. Бұл жағдай Ата заңымызда қарастырылған.

Қатысты Мақалалар