Грекиялық әйел әлемдегі ең кәрі суррогат ана атанды. Ол ұзақ уақыт бойы бала көтере алмаған туған қызына қыз туып берді. Баланың мерзімінен бұрын дүниеге келіпті, салмағы бар-жоғы 1 келі. 67 жасар Анастассия Онтоу немересін кесір тілігі арқылы босанды.
Жүктілікті жүргізген Константинос Пантос есімді дәрігер өзінің пациентін қаһарман деп атады. Сөйтіп қаһарман әже атанып кеткен әйелдің қызы о баста анасының ұсынысын дұрыс қабылдамағанын, оны жынданып кетті деп ойлағанын да жасырмады.