Қытайдың Гуаңдұң өлкесінде тамыздың бірі мен демалыс күндерінде жалпы ұлттық мәселе күн тәртібіне шықты. Елдің оңтүстік мегаполистарының бірі Шынжын қаласының сақшылары ұялы телефонға арналған «супервирусты» жасады деген күдікпен 19 жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Итар-ТАСС хабарлады.
Қатты залал келтіруші бағдарлама Гуаңдұңда жұма күні әрекет ете бастаған. Демалыс күндері жағдай жалпы халықтық ауыр деңгейге жеткен. Нәтижесінде мобилді байланыс операторлары тұтас абоненттеріне зақымдалудан ескерту үшін смс хабарлама жіберуге мәжбүр болыпты.
Халықты әбігерге салған вирус Android жүйедегі ұялы телефондарды бүлдіруге бағытталған. Оның әрекет ету схемасы төмендегідей: пайдаланушы контакт тізімінде аты сақталған бір досынан смс хабарлама қабылдап алады, онда интернеттегі әлдеқандай қызықты дүниеге сілтеме көрсетіледі. Егер пайдаланушы сілтемені ашып көретін болса ұялы телефон өздігінен зақымдаушы бағдарламаны жүктеп алады. Соның нәтижесінде өзінің контакт тізімінде бар барлық адамға сілтеме жазылған смс хабарлама кететін болады. Солай бағдарлама жылдам таралады және жүктелген ұялы телефондарды жұмысқа жарамсыз етеді.
Қазіргі уақытта аталған «супервирусты» жасаушы туралы толықтай ақпарат жоқ. Бар болғаны ол Ли фамилиялы және 19 жаста.
Қамшы-ақпарат