ЭКСПО-2017-нің нышаны қандай болады? Сіз таңдайсыз

/uploads/thumbnail/20170708153209973_small.jpg
 Қазақстанда «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің тұмарына онлайн режимде дауыс беру рәсімі басталды. Көрме тұмарына дауысты www.expo2017mascot.kz ресми сайтында беріп, оның қорытындылары туралы білуге болады.

Дауыс беру негізінде ең үздік тұмар дизайнының иесі анықталатын болады. ҚазАқпараттың жазуы бойынша бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Қожақова айтты: «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi тұмарының авторы құны 7 мың долларлық келiсiм-шартқа қол қою мүмкіндігіне ие болады. Біз жеңімпазбен одан әрі де жұмыс жасай беретін боламыз», - деді ол өз сөзінде.

Айта кетейік, ЭКСПО - 2017 көрмесiнiң үздiк маскот дизайны бойынша халықаралық байқаудың iріктеу кезеңi биылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығында өткен болатын. Жарысқа 80-нен астам жоба түскен. байқауға АҚШ, Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндiстан, Индонезия, Ресей, Қазақстан және басқа да елдердiң дизайнерлерi қатысты.

Байқауға түскен жобалардың басты талабы «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына сай келуi тиiс. Сондай-ақ, қабылдаушы ел - Қазақстан Республикасы мәдениетiнiң ерекшелiктерiн айғақтауы қажет. Бiрiншi кезең қорытындысы бойынша, 7 қатысушының жұмысы iрiктеп алынды. Байқау шарттарына сай, жеңiмпаздар 2014 жылғы тамыз айының 4-18 аралығында өтетiн халықтық дауыс беру арқылы анықталады. Көп дауыс жинаған үш жобаның iшiнен біреуi жеңiмпаз болып табылады. қорытынды 19 қыркүйекте жарияланады. Кез келген азамат Facebook, VKontakte, Twitter немесе Мой мир әлеуметтiк желiлерiнде дауыс бере алады. Немесе электронды пошта арқылы арнайы код алып қана дауыс беруге болады.

2 3 4 5 6 7

Қатысты Мақалалар