Сенат депутаттығына 72 адам өздерін өзі ұсынды

/uploads/thumbnail/20170708153214193_small.jpg

Қазан айының 1-іне белгіленген парламент сенаты депутаттарының сайлауына қатысуға 72 кандидат ұсынылғанын жазды Азаттық радиосы. Бұл туралы  Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеген.

Оның айтуынша, барлық кандидаттар өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Олардың арасында төрт әйел бар. Депутаттыққа кандидат ұсыну 31 тамызға дейін жалғасады.

ОСК ақпараты бойынша, сенат депутаттарының сайлауына 136 миллион теңге бөлінген. Әрбір кандидаттың сайлауалды үгіт-насихаттарын жүргізуіне  және транспорттық шығындарын жабуға республикалық бюджеттен 395 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Қазақстан парламентінің сенаты 47 депутаттан тұрады. Заң бойынша, 15 депутатты Қазақстан президенті тағайындайды, ал қалған 32 депутатты облыстық мәслихаттар мен Алматы және Астана қалаларының мәслихаты сайлайды. Олар 6 жыл уақытқа сайланады және 16-сы келесі үш жылда сайланатын тәртіппен тағайындалады. Сенат парламенттің жоғарғы палатасы болып табылады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар