Салафизмге қашан заңмен тыйым салынады?

/uploads/thumbnail/20170709193206169_small.jpg

Соңғы бес жылда болған оқиғаларға көз жүгіртіп қарар болсақ, Қазақстандағы лаңкестердің біраз құрбанына айналған, экстремистердің ордасы – Ақтөбе қаласы екеніне көз жеткізуге болады.

2011 жылдың 17 мамырында болған терракт. Бұл оқиға терракт па, әлде жоқ па? Ақтөбелік Бас прокуратура: «Ақтөбедегі ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратында таңғы 9:30 шамасында жарылыс болған, алайда бұл терракт емес», -  деп мәлімдеген болатын.  Алайда, сарапшылар бұл пікірмен келіспеген.  Жарылысты ұйымдастырды деп  25 жастағы Махатов Рахымжан атты жігіт айпталған болатын. Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев: «Жас жігіт бұл іске жауапкершіліктен бой тасалау мақсатында барған. 1986 жылы туылған Махатов Рахымжан және тағы екі адам болған жарылыстың салдарынан көз жұмды», - деп хабарлаған болатын.

Араға бес жыл салып Ақтөбеде лаңкестер тағы да елдің тыныштығын қашырды. Барша жұртқа белгілі болғандай, 2016 жылдың 5 маусымында бір топ лаңкестер Ақтөбе қаласында терракт ұйымдастырған. Бүкіл жұртты шулатқан экстермисетр тобы нұсқауды Сириядан алғандығы жайлы Ішкі Істер Министрі Қалмұханьет Қасымов мәлімдеген болатын.

«Үгіт жүргізген имам Сириядан деген болжам бар. Бірақ сол жиналған 45 адам дыбысты үндеуді тыңдаған. Соны естіп, бұлар жиһад жасаймыз деп шешеді. Кім барады дегенде, қолдағандар көшеге шыққан болатын. Содырлардың саны бастапқыда 45 болған. Бірақ, белгісіз себептермен оның 19-ы терракт жасаудан бас тартып, райынан қайтады. Дүкенге бара жатқан жолда тағы біреуі бас тартып, қалған 25 адам жиһад жасауға бел буған», - деп хабарлады Қалмұханбет Қасымов.

Кейіннен 25 содырдың тоғызы  ұсталып, абақтыға тоғытылғандығы мәлім болды. Жетеуіне  өмір бойы бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарса, Жұбанов Айдос пен Абдрахманов Азамат атты екі лаңкестің жазасын 22 және 20 жылға ерекше қатаң режимде өтеуге кескен.

«Оразадағы ойран» деп аталатын туындыда бейбіт күнде бүлік шығарған лаңкестер болған оқиғаны бүкпей айтып берді. Алайда, оларды атысқа не итермелегнін нақты айта алмайды. Бірі уағызға сеніп, ұйығанын айтса, кейбіреулері су ішкеннен соң естерінен айрылғандықтарын айтты. Аталмыш террактінің салдарынан 8 адам мерт болған, оның үшеуі әскери қызметкерлер еді.

Ақтөбедегі лаңкестердің әрекеттері мұнымен біткен жоқ. Өткен жылдың 12 шілдесінде Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына 12 адам қосылмақшы болған. Ақтөбе қалалық соты «террористік топ құрамында Сириядағы соғысқа қатыспақшы болды» деген айыппен 12 адамды тұтқындап, 6-8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарған. Сонымен қатар барлығының мүлкі тәркіленген болатын. Сирия республикасында болып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысып, террорлық іс-әрекеттерді жоспарлаған адамдар интернет арқылы террористер өкілдерімен байланысып отырған. Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарының жалған жеке куәлгін жасатып, кейбіреулері мақсатқа жету үшін қомақты қаржы бөлген екен.

Лаңкестік іс-әрекеттерге кәмелет жасқа толмаған балаларды пайдаланатын болды. Кеше ғана Ақтөбенің жеті тұрғыны террорлық топ құрып, терроризмді насихаттады және әлеуметтік алауыздық туғызды» деген айыппен қолға түсті. Олардың ішіндегі екеуі – кәмелет жасқа толмаған колледж студенттері екен.

Топқа жетекшілік еткен Сағыныш Құдайбергенов 19 тамыз күні төрт жігітті пәтеріне шақырып, жиһадқа үгіттеген. Желіге Холид Сейфуллах деген атпен тіркелген Қуаныш Есенғұлов экстремистік сипаттағы материалдарды жиі жариялап тұрған. Сот ұсталған экстремистер тобынынң өкілдерін 9 жылға бас бостандығынан айыру жайлы өкім шығарды.

Аталмыш оқиғалар тек бір қалада ғана болған.

Халықтың берекесін алып, тыныштығын қашырып жүрген содырлар әлі де елімізде жетерлік. Қазақстанда 15 мыңға жуық діни жат ағымдарды қолдайтын адамдар өмір сүреді, деп хабарлады республика премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов. «Дерадикализация — бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана. Ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мыңға жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды»
Сонымен қатар Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, Таяу Шығыста соғысып жүрген экстремистер қатарында 300-ге жуық Қазақстандық азамат бар.»

Қазақ жастарының басын айналдырып, жиһадқа үгіттеу жұмыстары қашан толастар екен. Намаз оқитын бауырлар адам өлтіріп, Жұмаққа кіре алмайтындығын түсінсе екен...

Қамшыгер: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар