Forbes Kazakhstan «Жыл кәсіпкерін» таңдады

/uploads/thumbnail/20170709193203229_small.jpg

Forbes Kazakhstan журналы төртінші жыл қатарынан «Жыл кәсіпкерін» таңдады. Алдыңғы жылдары аталмыш номинацияны Болат Өтемұратов, Сержан Жұмашев, Нұрлан Смағұлов есімді кәсіпкерлер жеңіп алған. Әр жылы таңдалып алынған кәсіпкер оқырмандар арасында қызу талқыға түседі.

Көптеген кәсіпкер үшін 2016 жыл оңай соқпады. Десек те, «Жыл кәсіпкері» атануға үш үміткер таңдалды. Нәтижесінде Forbes Kazakhstan  журналы  девелопер BI Group-тің басшысы Айдын Рахымбаевты таңдап алды деп хабарлайды forbes.kz. Ол Қазақстанның құрылысшылар  Қауымдасытығы кеңесінің төрағасы, кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі болып табылады.

Өткен жылы BI Group рекордті көрсеткіштегі пәтер тапсырды. Аталмыш компанияның өткен жылы салған барлық пәтердің аумағы 1 миллион шаршы шақырымға жуықтады. Осылайша әлемдегі ең ірі компаниялардың тізіміне кірді. Топта ТШО мен ірі контрактіге отырған жаңа BI Engineering холдингі ашылды. Сонымен қатар, компания 130 шаршы шақырым жолға бетон төседі.

Рахымбаев – «Аналар үйі» қайырымдылық жобасын құру идеясын ұсынған және оның қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. Ал 2016 жылдың соңында өзінің жаңа «Қазақстанның лайықты азаматы» жобасының жеңімпазына пәтер кілтін табыс етті.

Айдын Рахымбаев тек кәсіпкер ғана емес, жоғары деңгейлі спортшы, Astana Motorsport клубының үздік ондығына кіретін ұшқыш және Ironman триатлоны бойынша халықаралық жарыстың қатысушысы.

Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Айдын Рахымбаевтың 2012 жылдан бергі қаржылық жағдайы:

Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкердің рейтингісі (мамыр 2016 жыл)

$280 000 000                  

Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкердің рейтингісі (мамыр 2015 жыл)

$325 000 000

Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкердің рейтингісі (мамыр 2014 жыл)

$280 000 000          

Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкердің рейтингісі (мамыр 2013 жыл)

$245 000 000

Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкердің рейтингісі (мамыр 2012 жыл)

$200 000 000.

 

 

Қатысты Мақалалар