Қытайдағы жер сілкінісінен барлығы 589 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Бұған дейін 410 адамның өмірі қиылғаны хабарланған еді. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында 3 тамыз күні магнитудасы 6,5-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт 16.30-да тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Вэньпин елді мекенінен 11 шақырым, Чжаотун қаласынан 29 шақырым қашықтықта анықталды. Дүмпу ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.
Зілзала кезінде Қытайдың Лудиан округі көп зардап шекті. Онда 265 мың адам тұрады. Телефон байланысы үзіліп, бірнеше ғимарат қирады, электр желілері зақымданды. Провинция билігі апат аймағына гуманитарлық көмек жөнелтті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл - Юньнаньда соңғы 14 жыл ішінде болған ең жойқын зілзала.
Шинхуа агенттігінің ақпараты бойынша қазірге дейін 1300 адам құтқарылып, алғашқы медициналық жәрдемдер көрсетілген. Апат болған аумақта 937 құтқарушы, 141 арнайы техника, 17 иісшіл ит құтқару жұмыстары үшін жұмылдырылған. Осыған дейін үйінділер астынан 66 адам аршып алынып, 30 адамның өмірі ажалдан аман қалған. 4 тамыз ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай елінің басшысын көңіл айту хатын жолдады.
Қамшы-ақпарат