Microsoft полицияға балалар порносын көргіштердің мәліметін берді

/uploads/thumbnail/20170708153247385_small.jpg

АҚШ-та OneDrive электронды поштасынан кішкентай қызбен түскен суреті табылған еркек тұтқындалды. Бұған полиция Microsoft компаниясының ұрланған және жоғалған балалар құқығын қорғау ұлттық орталығы CyberTipline (бұл ұйым педофил болуы мүмкін адамдардың мәліметтін жинайды) мәліметтер берген соң қол жеткізген.

Күдікті адам 31 шілде күні құрықталған. BBC-дың хабарлауынша бұл туралы кеше ғана белгілі болған. Қазіргі уақытта ол түзету мекемесінде қамауда. Келесі аптаға алдын ала сот отырысы жоспарлануда. Аталған интернет порталдың жазбаша түсініктемесіне сай бұл іспен маманданған құқық қорғаушылар айналысуда. Күдіктінің балалар порносымен айналысқанын айғақтайтын басқа да суреттер телефонынан, “KIK” мессенджерінлегі хабар мұрағатынан табылған.

Апта бұрын Google де өзінің Техастағы пайдаланушысының поштасынан күдікті фото суреттер байқап, полицияға хабарлаған. Нәтижесінде 41 жастағы ер адам қамауға алынған.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар