Қанат Ислам кезекті рет қарсыласын соққыға жықты

/uploads/thumbnail/20170708153259645_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық  қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Бұл туралы ҚазАқпарат senkazakh.com сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл - Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы. Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидел Мантерроса мен Қанат Исламның кездесетіні жайлы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен. Міне кезекті бәсекесінде Қанаттың соққысына төтеп бере алмады.

Ал қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл - оның 15-ші нокауты.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар