Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Алматыдағы ХҚКО-да қайтыс болған ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Біз бірінші кезекте жақындарына көңіл айтамыз. Біздің бұл оқиғаны толық зерттегенімізді айтып өту керек. Оған бірден медициналық көмек көрсетілді. Менің білуімше, қазір оның науқас болғаны анықталып жатыр" деді Дәурен Абаев.
Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникация министрі 18 қаңтардан бастап онлайн тіркелуге болатынын да айтты. Қазір тестілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Министр мырза жұмыс барысын көріп, нәтижесін жазатынын жеткізді.
Пікір қалдыру