Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада Павлодар облысына жасаған іс-сапарында жеке кәсіпкерлермен кездесіп, осылай деген. 24.kz арнасының хабарына сай кәсіпкер Төлеу Құшманова өзінің 400 шақты жылқы бағып, қымыз өндірісін қолға алып отырғанын, алдағы уақытта қымыз өнімдерін кедендік одақ нарығына шығару ойда бар екенін айтып, Елбсына алғыс айтқан. Тәулігіне 1 тонна қымыз өндірісін қолға алып отырған Төлеу Құшманованы тыңдаған Елбасы: "қазақ деген қымызға көшіп, арақ-шарапты қоюы керек"-деп қадап айтқан.