Эквадорда жыл сайынғы «Әлем аруы» дәстүрлі байқауы аяқталып, сұлулық тәж , Санкт-Петербург қаласының тумасы ресейлік Юлий Ионинаға бұйырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрмыстағы ең әдемі әйел атану үшін әлемнің әр елінен келген 40 үміткер бақ сынаған.
«Мен бәрі ойдағыдай болғаны үшін өте қуаныштымын. Бұл мен үшін де, жалпы Ресейден қатысушылар үшін де үлкен жетістік», - дейді жеңімпаз Юлий Ионина. Юлияның жасы 29-да, үш баланың анасы, ол бизнеспен айналысады және «Сұлулық және қайырымдылық» қайырымдылық қорын басқарады. Ол сонымен бірге, «заңгерлік» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алуда.
«Әлем аруы» байқауы 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Осыған дейін ресейліктер онда екі рет жеңіске жеткен: 2005 және 2009 жылдары.
Қамшы-ақпарат