Бекмамбетовтің фильмі екі бірдей жүлдені жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20170708153404972_small.jpg
Канадада Тимур Бекмамбетовтің Bazelevs кинокомпаниясы түсірген «Cybernatural» хорроры «Фантазия» жанрлық кинолар фестивалінің лауреаты атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Монреальда өткен фестивальде Т.Бекмамбетовтің фильмі «Ең инновациялық фильм» атанып, екі жүлдені жеңіп алды. Бекмамбетовтың айтуынша, түсірілім тобы үшін ең қиыны жаңа технологиядағы монтаж жұмысы болған. Енді бұл жаңа тәсілін Бекмамбетов одан әрі түрлі жанрдағы фильмдерді түсіруге қолданбақ.  

Тимур Бекмамбетов пен режиссер Лео Габриадзенің «Cybernatural» фильмінің әлемдік премьерасы 28 шілдеде Канада Монреалдағы «Fantasia» кинофестивалінде өткен болатын

Қорқынышты жанрда түсірілген фильмнің сюжеті бойынша өліп қалған қыз Skype арқылы өзінің сыныптастарымен сөйлесе бастайды. Ондағы барлық әрекеттер компьютер экранында жүзеге асады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар