Араб журналистері Астанадағы келіссөзде ұрыс-керіс шығарды деп хабарлайды ria.ru. Оқиға Rixos қонақ үйінде Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, ресми Дамаск делегациясын басқаратын Башар аль-Джаафари журналистерге шыққанда болды.
Журналистер Башар аль-Джаафариді қоршап алған. Операторлардың бірі әріптесінен бірнеше мәрте түсірілімге кедергі келтірмей, басын әрірек ұстауын сұраған. Бір уақытта журналистер бір-бірінің жағасынан алып, арабша бір-біріне айқайлай бастаған. Бірақ оларды тез тыныштандырды.
Сирия делегациясының басшысы болған оқиғаға ешқандай реакция білдірмеді.