Ит иесін өлімнен құтқару үшін 20 сағат бойы үріп көмекке шақырған

/uploads/thumbnail/20170709200726259_small.jpg

Келси деген ит құтқару қызметі келгенше 20 сағат бойы иесінің қасынан бір елі кетпей, оны жылытқысы келген дейді adme.ru.

Жаңа жыл түні Келсидің иесі 64 жасар Боб үйінен бірер минутқа шыққан екен. Үйге тез кіремін деп ойлаған ол даладағы -4 температурасына қарамастан сыртқы киімді кимей, үй киімімен, үй тәпішкесімен шыға салған. Сондағы ойы – тез барып отын ағаш алу. Алайда абайсызда аяғы шалынып, құлап қалады. Тұрайын десе мойын омыртқасына зақым келген, денесі қимылдата алмай қалған.


Бобтың қолынан келгені бар пәрменімен айғайлап көмекке шақыру болды. Бірақ жақын маңда көршісі жоқ. Ең жақын көршілер 4 мильдің жерде тұрады екен. Оның жан айқайын естіген тек иті болды. Келси иесінің қасына келіп, оны жылытуға тырысқан. 20 сағат бойы көмекке шақырып үрген. Таң ата иттің даусы шықпай қалған. Иесінің жанынан бір елі кетпеген Келси Бобты өзінің денесімен жылытуға тырысқан. Келесі күннің кешкілік уақытында Бобтың Рик есімді көршісі иттің үрген дауысын естіп, көршісінің қызына звондап, сосын жедел жәрдем шақырады. Бобты Макларен (McLaren Northern Michigan Hospital) емханасына жатқызады. 20 сағат бойы далада жеңіл киіммен жатқан Бобқа салқын тисе де еш жері үсімеген. Бәрі Келси итінің арқасы.

Нейрохирург Хаим Коленнің айтуы бойынша Боб жалғыз қалған жағдайда мұндай ғажайып болмас еді.

Өлім аузынан қалған Боб былай деп сұхбат беріпті: «Мен тағдырыма осындай құтқарушылар сыйлағанына дән ризамын. Келси мені жылытты, тоңуыма жол бермеді, жалғыз қалдырмады. Итімнің арқасында есімнен де айырылмадым. Ол көмек келгенше үрумен болды. Дәрігер Коленнің арқасында өз-өзіме келіп, денсаулығым жақсара бастады. Олар мен үшін нағыз қаһармандар».


Аударған: Жазира Байдалы

 

Қатысты Мақалалар