Клиникалық өлімді бастан өткергендердің оқиғалары

/uploads/thumbnail/20170709200720837_small.jpg

Санкт-Петербургтің православты дәрігерлер қоғамы клиникалық өлім туралы оқиғаларды жинастырып жатыр. Клиникалық өлім кезінде адамның жүрек соғысы тоқтап, адам тыныс алмайды. Осыған қарамастан адам ағзасында еш өзгеріс болмайды. Егер адамның жүрегін қайта іске қоса алса, ол тірі қалады. Клиникалық өлім 6 минуттан аспайды деп жазады life.ru
Клиникалық өлімді бастан өткеріп, тірі қалған адамдардың оқиғасын көптеген ұйымдар 23 тілде жинастырып жатыр. Барлық оқиғаның сюжеті бір. Төсек маңына қара бұлт үйіріледі. Одан тунелді көруге болады. Ол адамды өзіне тартып, жарыққа жетелейді. Жарыққа жеткенде өзін өте жақсы, жеңіл сезінеді екен. 
Ал кейбір оқиғалар қысқаметражды емес, беймәлім пенделері бар фильм іспеттес. Адам есін жиғанда, аталмыш фильм оның өмірін екіге бөлгенін түсінеді. 

Тозақ табалдырығында
    
Американдық Джон аталмыш қорға бастан өткерген оқиғасын жазып жіберді. 1948 жылы ол Элис есімді сұлуға үйленеді. Элиске ғашық жігіттер көп еді. Қыздың көп жігіттердің ішінен Джонды таңдағанын ол мақтан тұтты.  Алайда қуанышы ұзаққа бармады. Әйелі көзіне шөп салып жүргені туралы сыбыстарды ести бастады. Ол кезде Элис пен Джонның үш баласы бар еді. Джон басындағы мәселесін ішімдік арқылы ұмытуға тырысты. 
Бір күні Элис үйге түнеуге келмеді. Джонның жаны ауырғаны соншалық, өзіне қол жұмсауды ойлады. Ары қарай стандартты туннельді сипаттау, клиникалық өлім. Джон жоғары жылдамдықпен жарыққа қарай беттеді. Жарықта махаббат, жанашырлық сезімдерін сәуледей шашып тұрған белгісіз пенде тұрды. Ол Джонның ойын оқып отырды. «Жоқ, бұл өлім емес» деп түсіндірді пенде. 
Одан кейін Джонға үлкен шұңқырды көрсетті. Онда өзін жоғалтып алған жандар арлы берлі жүрді. Пенде оның тозақ екенін және өзіне қол жұмсау мәселені шешпейтінін түсіндірді. Ер адамның көз алдында өмірі фильм секілді өтіп жатты. Оның мас күйінде өткізген бес жылы балаларына қалай кері әсерін бергенін көрді. Олар ата-ананың қарауынсыз қалып, өздерін бақытсыз сезінген сәттерін бақылады. 
Ол өмірге қайтып оралмаса, олардың жағдайы қалай болмақ? Джон бұл сұраққа жауап алды. Анасының оларға қамқор болуға қауқары жоқ. Сондықтан оларды жетімдер үйіне өткізеді. Егер Джон тірі қалып, ары қарай ішімдікке салынуын тоқтатпаса, балалары нашақор болып, қызы маскүнемге тұрмысқа шығады. 
Джон үлгілі әке болса жағдай қалай өзгеретінін де көрді. Бұл жағдайда балалары бақытқа бөленіп, зор жетістіктерге жетеді. Белгісіз дауыс ары қарай сөлей бастады. Бірақ бұл жолы қатал түрде емес. «Сен өз міндетіңді толық атқармадың. Сондықтан қайтып бар да, өз парызыңды өте» деді ол 
Джон өмірге қайтып оралды. Оның өмірі бірден керемет болып кетпеді. Ол ажырасуды өте ауыр қабылдады. Балалар Джонмен қалды. Олардың тәрбиесімен айналысу үшін Джонға жұмысын ауыстыруға тура келді.  Көп уақыт өтпей ол жақсы әйелді кездестірді. Оны сүйіп қалып, отбасын құрды. Жұбайы өмірлік сынақтар мен қиындықтарды жеңуге көмектесті. 
«Мен тозақ табалдырығында көргенім мен бастан өткергенімді ешқашан ұмытпаймын. Қазір пастерлік кеңес берумен айналысамын. Сонымен қатар кішігірім фирмада бухгалтерлік жұмыстарды жүргіземін. Балаларым өсіп, аяғынан тік тұрды. Жетістіктерге жетіп, бақытына қол жеткізді. Мен енді олар үшін алаңдамаймын» деп жазады Джон. 

Ғылыми жұмыс

Клиникалық өлім туралы оқиғаларды ғалымдар да сараптап көрді. Юрий Сердюковтың «Өлімге жақын тәжірибе зерттеусіз және эзотериялық сараптамасыз» атты ғылыми жұмыстардың бірі «Тарихи психология және әлеуметтік тарих» журналында жарық көрді. 
Юрий Сердюковтың айтуынша, клиникалық өлімді бастан өткерген адамдар өлім алдындағы жағдайда болды. Яғни олар әлі де тірі. 
«Клиникалық өлім – өлім болып есептелмейді. Бұл өмір қалыбы. Адам ағзасы мен түсінігінің жантәсілім сәті...Мидың жұмысы нашарлап, баяу түрде деградацияға ұшырайды. Сонымен қатар психиканың дезинтеграцияға ұшырауына алып соғады. Соның салдарынан елестер көрінеді» деп жазады автор.

 
    Неліктен клиникалық өлімді бастан өткергендер бірдей сюжеттер көреді? Бәлкім, шведтік психиатр Карл Юнг айтқандай топтық есін жоғалтып алған қалыптағы архетип әсер ететін болар. Сонымен қатар, қатты стресс кезіндегі нақты генетикалық құрылым әсер етеді деп болжауға болады. 
«Адам өлім аузында жатқанда болатын аффект адамның өмір бойы «ұйықтап» келген гендерін жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бұл гендер қандай ақпаратты сақтайтыны әзірше белгісіз» деп жазылған ғылыми жұмыста. 

Қатысты Мақалалар