Қазақстандықтарға 4 трлн теңгеге жуық кредит берілген

/uploads/thumbnail/20170708153428160_small.png

 Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2014 жылғы маусымда 8200,4 млрд. теңгеге дейін 1,9%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға кредиттер 3962,9 млрд. теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды. Бұл туралы BNews.kz агенттігі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  хабарлады.

 Қаржы нарығы туралы есепке сәйкес, 2014 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,4%, жеке тұлғаларға – 19,8% болды. Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 2014 жылғы маусымда 1,2%-ға төмендеп, 12163,3 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 8118,1 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға өсті, шетел валютасындағы кредит көлемі 4045,2 млрд. теңгеге дейін 5,2%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы бір айда 65,3%-дан 66,7%-ға дейін өсті. Ұзақмерзімді кредиттеу 2014 жылғы маусымда 1,1%-ға төмендеп, 9785,6 млрд. теңге құрады, қысқамерзімді кредиттеу 2377,7 млрд. теңгеге дейін 1,3%-ға төмендеді. Ұзақмерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 80,4%-дан 80,5%-ға дейін өсті. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2014 жылғы маусымда 8200,4 млрд. теңгеге дейін 1,9%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға кредиттер 3962,9 млрд. теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 32,1%-дан 32,6%-ға дейін ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2014 жылғы маусымда 1540,4 млрд. теңгеге дейін 2,2%-ға өсті (жыл басынан бері өсім 20,0%), бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 12,7%-ын құрайды. Салалар бойынша банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 19,6%), құрылыс (11,3%), өнеркәсіп (10,8%), көлік (3,5%) және ауыл шаруашылығы (3,5%) сияқты салаларға тиесілі.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар