Президент: Қазақстан әскери техникалар мен қаруларды сенімді жерден алуы керек

/uploads/thumbnail/20170708153434506_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Серік Ахметовты қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Кездесу барысында Назарбаев оқ-дәрілерді қазақстандық кәсіпорындарда өндіру мәселесіне көңіл бөлу керектігін айтқан. Елбасы сондай-ақ, әскери техникалар мен қаруларды сенімді өндіріс орындарынан сатып алу керектігіне де тоқталып,  еліміздегі қорғаныс-өндіріс кешендерін дамытуды қолға алу керегін де ескерткен.

Serik Akhmetov

Елбасы қабылдауында болған Серік Ахметов болса Қарулы күштердің әр уақытта сақадай сай, дайын болып тұру үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырғанын, әскерилердің тәжірибе негізінде шыңдалып, олардың дайындығын көтеруде түрлі шаралардың ұйымдастырылып жатқанын мәлім етті. Оның сөзінше ел әскерінің заманауи қарулар мен әскери техника түрлерімен жарақтандырылып жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет Басшысы сала жетекшісіне бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар