Биыл 270 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

/uploads/thumbnail/20170708153501548_small.jpg

Қазақстанда 1 қыркүйекте бірінші сыныпқа 270 мыңнан астам бүлдіршін барады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша 2014-2015 оқу жылында күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар 2 млн. 498 мың 819-ды құрады. Оның ішінде 277 мың 575-і бірінші сынып оқушылары болмақ. Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталсақ, министрлік бекіткен тізім негізінде мектеп кітаптарын 20 қазақстандық баспа шығарады. Атап айтқанда, тапсырысқа сәйкес басылып шығарылатын оқулықтардың құны бекітілген бағамен сатылады, яғни олар 300-700 теңге аралығында болады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар