Қазақстанда бірқатар азық-түлік тауары құнның артуы байқалды. ҚзАқпараттың жазуынша бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім еткен.
«Толықтай алғанда, бізде жыл басынан бері баға 4,9 пайызға көтерілді. Бұл тұтынушылық себетін толықтай алғандағы жайт. Ал өздеріңіз де білетіндей, тұтынушылық себетіне азық-түлік тауарларымен қатар, азық-түліктік емес тауарлар, ақылы қызметтер кіреді. Дегенмен, бірқатар азық-түлік тауары, бірінші кезекте жеміс-жиектер мен көкөністердің бағасы басқа тауарлар мен қызметтерге қарағанда біршама қымбаттады. Ал кейбірі, мәселен, қияр мен қызанақ бағасы төмендеді», - деп жауап берген комитет басшысы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 7 айында республикадағы инфляция 4,9 пайызды құрады. Соңғы 7 айдың ішінде пияз - 72, сәбіз - 65, картоп - 45, қант - 22, қызылша - 21 пайызға қымбаттаған.
Қамшы-ақпарат