Н.Назарбаев Универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманың мүшелерін құттықтады

/uploads/thumbnail/20170709205214436_small.jpg

Бүгін 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманың мүшелерін құттықтады.

«Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші.

Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер.

2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды.

Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс.

Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамын.

Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тілеймін!», – делінген құттықтауда.

28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарында тікелей эфирде көрсетілді. Универсиада ойындарының жабылу салтанаты 1,5 сағатқа созылып, «Алматы -Арена» кешенінде өтті. Көрермендер қызықты оқиғаларға толы шоу- бағдарлама тамашалап, шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар