Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы облысына жұмыс сапарының екінші күні облыс активімен кездесті. ҚазАқпараттың хабарлауынша Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы өңірдің жаңа әкімі Амандық Баталовты тағайындаған, оның кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттарымен бекітті.
Баталов Амандық Ғаббасұлы
Соңғы лауазымы: Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары
Өзбек КСР тумасы; Нөкіс қ.
Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын (1975) тәмамдаған, инженер-гидротехник
Еңбек өтілі:
Аға прораб, бас инженер, «Алмаатаотделстрой» тресінің СМУ-37 бастығы (1981-1985);
Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, құрылыс және құрылыс өнеркәсібі материалдары жұмысшылары кәсіподағы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің қала шаруашылығы және құрылыс бөлімінің нұсқаушысы (1985-1987);
Құрылыс және құрылыс өнеркәсібі материалдары жұмысшыларының кәсіби одағы облыстық комитетінің төрағасы (1987-1989);
Қазақ КСР Министрлер Іс басқармасының құрылыс, құрылыс материалдарының өнеркәсібі бөлімінің жетекші маманы, бас маманы (1989-1991);
Қазақ КСР Президент Аппаратының құрылыс, құрылыс материалдарының өнеркәсібі бөлімінің референті (1991-1992);
«Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті (1992);
Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары (1992-1994);
Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995);
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (1995-2001);
Алматы облысы әкімінің орынбасары (06.2001-04.2008);
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (04.2008 бастап)
Өзге лауазымдары:
Алматы және Алматы облысының волейбол Федерациясының президенті (2001 жылдан);
«Жетісу» СПК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (06.2008 бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрмет атақтары:
«Құрмет» Ордені (2008);
Медальдар: «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»;
«Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері» белгісі;
«Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі;
Волейболдан спорт шебері
Қамшы-ақпарат