ҚЫТАЙ ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ БІЗ ОЙЛАҒАННАН ҮШ ЕСЕ КЕМ

/uploads/thumbnail/20170709211534768_small.jpeg

Қытайға қарап 1,5 миллиард халықтың барлығы қайда тұрады және олар немен тамақтанады деген сияқты сұрақтар көп қойылады. 20-дан аса ірі қала орталықтарындағы халық саны 200 миллионнан сәл ғана көп, деп жазады seva-riga.livejournal.com , ақпараттың қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Бүгінгі таңда ағылшын-саксониялық патриоттық орталарда көбінде Қытаймен соғыс мәселесі талқыланады. Осы орайда түрлі эксперттер қытайлықтар бүкіл Сібірді қоластарына алатыны және тағы да басқа көптеген катострофиялық ауа-райлар жайлы көп айтады. Бұл мүмкін бе?

Бәріміз білетіндей, Қытай тек әлемдік фабрика ретінде ғана емес, сонымен қатар 1,347 миллиард халқының санымен әлемге танымал. Кейбір эксперттер еш ойланбастан 1,5 миллиард халық деп айта салады, ал жер көлемі бойынша 1 кв. метрге 140 адамнын келеді.

Мынадай бір әңгіме бар: Суворовтың бір көмекшісі Александр Васильевичтің айтуы бойынша кезекті жеңіс жайлы мемлекетке есеп дайындау барысында қарсылас жақтың өлтірілген әскерлерінің санының көптігін естігенде таңқалып, шындықты сұраған көмекшіге Суворов: «Оларды несіне аяймыз!» деп жауап берген екен.

Халқы жайлы

Қытайлар, үндістер, индонезиялықтар, жалпы барлық Азия тұрңындары олардың халқының саны бомба мен ракета секілді стратегиялық қару болып табылады деп ойлалайды.

Ешбір адам Азиядағы, сонымен қатар Қытайдағы демография жағдайын нақты айта алмайды. Біз естіп жүрген мәліметтердің барлығын қытайлықтар өздері ойлап тапқан.

Бір таңқаларлығы, соңғы 20 жылда жүргізілген бала туу жағдайына байланысты биліктің саясатына байланысты бір отбасыда бір баладан артық болмауы тиіс, алайда халық саны, эксперттердің айтуынша, тым үлкен базистік цифрлерге байланысты жыл сайын 12 миллионға көбейеді.

Мен, әрине, демограф емеспін, алайда 2+2=4 болатынын білемін. Оларда 100 адам бар деп алсақ, екеуі өліп, беруі туылатын болса, бір жылдан соң 99 болады. Егер 100 миллион немесе 1 миллиард болса, туылатындар мен өлетіндердің саны бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді, яғни бастапқыда саны қанша болғаны маңызды емес, нәтиже бәрібір де оң болмайды.

Иә, өте шиеленіскен сұрақ. Мысалы, Коротаев, Малкова, Халтуринаның «Қфтайдың тарихи макродинамикасы» атты монографисында өте қызықты кесте берілген:

1845 жылы – 430 млн.

1870 жылы – 350

1890 жылы – 380

1920 жылы – 430

1940 жылы – 430

1945 жылы – 490.

Мен 1939 жылы, яғни екінші дүнние жүзілік соғыс кезінде Қытай халқының саны 350 миллион болғандығын ескі атластан көрдім. Бұл жердегі сәйкессіздіктер мен қытайда халық санағын жүргізудің нақты бір жүйесі жоқ екендігін байқау үшін қандай да бір маман болудың қажеті жоқ.

Бірде 25 жылда 80 миллионға азайып кетеді, бірде 30 жылда 50 миллионға көтеріліп, 20 жылдың ішінде ешбір өзгерістің болмауы – мұның барлығы тым күмәнді. Ең бастысы – басында айтылған 430 миллион деген сан ойдан шығарылған. Бір ғана факті – 1845-1940 жылдар аралығында, яғни 95 жылда қытайлықтардың саны еш өзгеріссіз қалған.

Ал, соңғы 72 жылда түрлі қырғын соғыстар, кедейшілік пен аштық және 20-дан аса саяси текетірестердің болғанына қарамастан  халық саны 1 миллиардқа дейін көтерілген.

Мысалы айтатын болсақ, Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан айырылған болса, Қытай елі 20 миллион халқынан айырылғаны мәлім. Ал кейбір эксперттердің айтуынша, 45 миллион адам. Осындай көп адамнан айырылып, басқа да түрлі апаттарға қарамастан 1940-1945 жылдар аралығында 60миллионға дейін көтерілген. Сонымен қатар,  Дүние жүзілік соғыспен бірге Қытайда азамат соғысы басталған болатын және де қазір тайванда 40-жылдары қытайлықтар болып саналып келген 23 миллион адам тұрады.

Алайда, ҚХР-да 1949 жылы білім беру жүйесі бойынша халық саны 550 миллионды құраған. 4 жылдың ішінде Тайванға қашып кеткендерді санамағанда да, халық саны 60 миллионға дейін  тым күрт өсуі өте күмәнді жағдай. Одан кейін репрессияларға қарсы мәдени революциялар болды, ашаршылық болды, бірақ халық санының өсуі тым қарқынды болған.

Сонда да санап көрейік: 1940 жылы 430 миллион. Бұл өте көп, әрине. Шамамен, жартысы әйел адамдар, олардың ішінде қарт әжелер мен бойжетпеген қыздар бар делік – 2/3. Әйелдер 15 пен 40 жас аралығында босанады, орта есеппен 70 жыл өмір сүреді. Яғни, 70 миллион адам. Қытайда баласы жоқтар мен бір жыныстылардың тұрмыс құруы жоқ делік. Демек, 1940 жылы 70 миллион әйел адам бала туа алатын болған.

Қытайлықтардың саны 9 жылдан соң 490 миллион болуы үшін бұл әйелдер неше баладан тууы керек? Соғыс, қирау, ешқандай да медицина дамымаған, жапондықтар тіс қайрап отыр... Ғылыми тұрғыдан айтар болсақ, олар 3-3,5 баладан тууы қажет. Қосымша 90 миллион адам болуы үшін 70 миллион әйел тағы да 1-2 адамнан босануы керек. Физикалық тұрғыдан 9 жылда 4-5 бала босану оңай емес, бірақ болады...

Ғаламторда жазылғандай, 1953 жылы 594 миллион, 1949 жылы 490 миллион емес 549 миллион. Төрт жылдың ішінде 45 миллионға көбейген. 13 жылдың ішінде 430-дан 594-аке көбейген, 164 миллионға, үш есе көп. Осылай, 70 миллион әйел 13 жылда 3-5 баладан тапқан, оған қоса тағы 2-5 баладан, орта есеппен алғанда 6 баладан.

Біреу айтуы мүмкін, Ресейде де түрлі көтерілістер болды. Алайда, ол кездері жапондықтар 20 миллион халықты өлтірген жоқ, 20 миллион халық Тайванға қашып кеткен жоқ. Жоғарыдағы кестеге оралар болсақ, өткен 100 жылдықта қытайлықтардың саны неге ең құрығанда 10 миллионға көтерілмеген, оларға не кедергі болды? Ал 13 жылдың ішінде, соғыс пен ашаршылық заманында, олардың халқы 164 миллионға өсіп кетіпті. Және де бұл 150 мың қытайлық еркектерді өлтірген Корей соғысын санамағандағы халық саны. Соңғы он жылдықта қытайлықтардың саны тым қатты өсіп кетті.

Менің ойымша, олар өздерінің қытайларын ФРЖ (Федералды резервтік жүйе) секілді ауадан жасап алатын секілді. Қытайлықтардың саны үндістер мен индонезиялықтар секілді көп екендігіне ешкімнің де таласы жоқ, әрине.

Авторы: Виктор Мехов

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар