Түрі ұсқынсыз болғандықтан ата-анасы татсап кетті дегенді естіп пе едіңіз? Алайда, Джоно Ланкастер есімді балақайдың басынан дәл осындай жағдай өтті. Оның оқиғасы кімнің болса да жүрегін елжіретері анық.
Джоно Ланкастер Коллинза синдромына шалдыққан. Яғни, кейбір ұсақ сүйектері жетілмей, есту мүшесіне зақым келген.

Алайда, ол әрдайым бірнәрсені есінде сақатды – тағдырға мойынұсынбау, қиыншылыққа ешқашан дес бермеу.

Анасы сәбиді босанған соң, көп ойланбастан баласынан бас тартатынын жеткізген. Ол ата-анасына ренжімейді. Қайта, бағы бар екенін айтады. Дәл осы синдроммен ауыратын балалар ота жасатып ақшаларын көкке шышп жүр, ал Джонға оның керегі жоқ.
Біраз күндерден соң баланы Джин Ланкастер есімді әйел асырап алады.
Оның келбеті басқа балалардан өзгеше еді. Мектепте оқып жүргенде-ақ бала өзінің басқаларға ұқсамайтынын байқаған. «Көбісі жұқтырып алуға қорқып менен алыс жүретін. Анамнан себебін сұрағанда, ол жауап қатпай жылай беретін. Мен оның көз жасына өзімді кінәлі сезінетінмін».
Мектепте оны балалардың бәрі дерлік жек көрді. Өзін мүлдем жалғыз сезініп жүрді.
Сөйтіп, бала ержетті. Бармен болып жұмысқа орналасты. Бұл оның өмірін өзгертті Жақсы жаққа...

Бірде Джонның жанына скинхед келіп: «Құлағыңның жөнді естімейтіні қандай жақсы, әйеліңнің ұрысқан сөздерін естімейтін боласың», - деді. Джон күліп, расында, бар қиыншылықтың бір жеңілдігі болатынын ойлады.

Бүгінгі күні Джоно мұғалім болып, балалармен жұмыс істеп жүр. Өз тағдырын жеңіп шықты. Балаларға әрқашан күш беріп отырады. Бар жағдай тек жақсылыққа апаратынын айтады:
«Менің биологиялық ата-анам менімен әлі күнге дейін байланысқылары келмейді. Дәл сол себепті менің қоршаған ортаға, айналамдағы адамдарға деген көзқарасым басқаша болды. Менде мүмкіндік болғанның өзінде, ештеңені өзгертпес едім. Бар қиыншылықтың түбінде жеңілдік жатады».