Пластикалық хирургтің көмегіне жүгініп өмірін қор қылғандар (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709231920626_small.jpg

Соңғы кездері пластикалық хирургтың көмегіне жүгінетіндердің қарасы көбейген. Алайда оның бағасы өте қымбат. Сыртқы келбетіне көңілі толмайтындардың барлығының қалтасы көтере бермейді. Сондықтан олар арзан қызмет көрсететін жерлерді іздейді. Өкінішке орай, көп жағдайда бұл адамдар тәжірибесі жоқ, біліктіліз аз, тек ақшаны көздеген алаяқтарға жолығады. Нәтижесінде өмір бойы сұрықсыз келбетімен өмір сүруіне тура келеді. Сондай мысалдардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

Хелена Грэйс

Бангкок тұрғыны  Хелена Грэйске мұрнының пішіні ешқашан ұнамаған. Сондықтан ол мұрнын өзгертуді ойлайды. Пластикалық операциядан кейін Хелена айнаға қарап, өзін танымай қалды. Мұрнының пішіні бұрынғысынан да нашар пішінде болған. Хирургтар операцияның сәтсіз болғанын айтып, бұдан да қымбат ота жасау керектігін айтқан. Қыз клиниканы сотқа беріп, жеңіліп қалды.

 

Шерил Фонч

61 жастағы ағылшын әйел Польшаға бетін тартыру үшін барады. Барлығы ойдағыдай өткендей болды. Алайда операциядан кейінгі терінің қалпына келуі өте қиын болды. Себебі дәрігер жіптердің барлығын алмаған болып шықты. Соның салдарынан әйелдің бетінде операция іздері білінбей қалды. Ал беті бұрынғысынан да нашар күйге енген.

 

Сью Бриддик

Ағылшындық әйел арзанға ішін тартып беруге келіскен түрік дәрігерін табады. Операциядан кейін Сьюді медициналық білімі жоқ күтушімен тастап кеткен. Аяғына тұрғаннан кейін терісін қара дақтар басқанын көрген. Кейінірек дәрігерлер тері жасушалары өлген жерлерде қара дақтар пайда болғанын айтқан.

 

Беверли Бригнони

Беверли құрбысының кеңесі бойынша Доминикан Республикасындағы клиникаға арықтағаннан кейін салбырап қалған теріні алып тасуы үшін жігітімен барады. Операция кезінде дәрігер жігітіне Беверлидің өкпесіндегі эмболияға байланысты көз жұмғанын айтады.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар