Өрмекші шағып аяғынан айырылған ер адам хал үстінде жатыр

/uploads/thumbnail/20170710010225188_small.jpg

Австралиядағы Виктория штатында ер адам өрмекші шаққан соң аяғынан айырылып қиын жағдайға тап болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. Зардап шеккен адам оң аяғынан айырылған. Енді сол аяғы мен екі қолынан айырылу қаупі төніп тұр.

65 жасар Терри Пареха Филиппиннен келіп өз қарындасының үйінде қонақтауға келген. Мәліметтерге қарағанда өрмекші ер адамды бақшада жүрген кезде шағып алған. Дәрігерлерге тек арада үш күн өткен соң ғана қаралуға мүмкіндігі туған зардап шегуші ер адам сол уақытта екі бүйрегі жұмыс істемей қалып, организмі зақымданып үлгерген.  Бактерияның организмге таралу жылдамдығы мен қаупін ескерген дәрігерлер оның аяғын кесіп тастауды жөн көрген.

Бұл оқиға ақпан айында орын алған. Алайда бұл туралы енді белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адамның қызы оның еміне қажетті 100 мың АҚШ долларын жинауды қолға алып жатыр.

Сол жердегі ұйымдардың бірінде соңғы уақыттары жәндіктердің құрбанына айналып жатқан адамадар саны өсіп келетінін жеткізді. Алайда зардап шегуші адамдардың көбі нақты қандай жәндіктердің өздерін шаққанынан бейхабар. 

Қатысты Мақалалар