Құтқарушылар Алматы облысының тауларында қар көшкіні болуы мүмкін деп ескертті. Қар басқан тау шыңдарына шығуға кеңес берілмейді, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК-нің сайтына сілтеме жасап.
«Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жауын-шашын салдарынан 6 сәуірде қар көшкіні болуы мүмкін. Тауда абай болыңыздар!»,-делінген хабарламада.
Синоптиктердің ақпараты бойынша, сәуірдің 6-сы мен 7-сі күндері республика аумағына Ресейдің арктикалық жағалауынан суық және ылғалды ауа келіп түседі. Сондықтан да, облыстың басым бөлігінде бұрынғыдай жаңбырлы ауа-райы болып, кей жерлерде жаңбыр, ылғалды қар жауып, тұман түсіп, ауа температурасы 2-4 градус нормадан төмен болады.