ОҚО тұрғыны балаларының көзінше әйелін оқтаумен зорлаған

/uploads/thumbnail/20170710011058914_small.jpg

52 жастағы қаскөй өзінің 40 жастағы әйелін оқтаумен зорлап, қинаған. Әйелі соңғы 12 жылда 3 баланың анасы атанған, деп хабарлайды timeskz.kz. Мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Зорлық көрсеткен ер адам осы уақытқа дейін де сотты болғандығы белгілі болды. Аталмыш оқиғаның салдарынан әйелдің құрсағы жарылып, сүйектері сынған, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды.

Жабық түрде өткен сот отырысында өз көздерімен көрген балалары куәгер ретінде түсініктеме берді.

Қылмыскер істеген ісін мойындап, кешірім етуін өтінгенмен, сұмдық жағдайды басынан өткерген әйелі мұндай қадамға бармады.

Сот еркекті айыпты деп тауып, 12 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Қатысты Мақалалар