АҚШ-тың президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қытайға шақыртуын қабыл алды. Бұл жайында АҚШ мемлекет хатшысы Рекс Тиллерсон мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Бүгін Мемлекет басшылары Мар-а-Лаго во Флоридада кездесті. Трамптың осыған дейінгі Қытай туралы жағымсыз пікіріне қарамастан екі мемлекет басшысы екі жақты келісіммен жаңа қарым-қатынас орнатпақ. Әзірге мемлекет басшыларының ойында не бар екені, қандай саясат ұстанып отырғаны түсініксіз болып отыр. Мемлекет хатшысының айтуы бойынша Трамптың Пекинге баратын уақыты кейін белгілі болады. АҚШ-тың сауда ісіне байланысты министрі Уилбур Росс журналистерге сұхбат беру барысында Си мен Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы саудадағы қиындықтарды шешу үшін 100 күнге келісім жасады. Трамп Қытаймен арадағы байланысты «үлкен прогрес» деп есептеді. Аптаның басында Трамп Солтүстік Кореямен мәміле жасауға дайын екенін айтқан болатын. Сонымен бірге кейбір сараптаушылар жұма күнгі АҚШ-тың Сирияға жасаған қастандығы АҚШ-тың не жасай алатынын және де неге дайын екендігін Қытайға көрсету үшін әзірленген болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Соған қарағанда Қытайдың Трампты Пекинге шақыруы да бекер емес секілді. Ал арадағы саудаға байланысты келісім жай сылтау секілді болып көрінеді. Ал Си Цзиньпин Сирияға көңіл айтып, Трамппен арадағы келісімге мың себеп бар, ал оны бұзуға ешқандай себеп жоқ екендігін мәлімдеген. Бірақ ол себептердің барлығын нақтылап айта қоймады.
Аударған: Әсел Өтешова