Тоққа түсіп екі қолынан айырылған 11 жастағы баланың оқиғасы (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710011830890_small.png

Балғынбек есімді  11 жасар бала  тоққа түсіп, екі қолынан бірдей айырылып қалған екен. Бұл қайғылы жағдай туралы естіген анасы қайғыдан қан жұтып отыр.  Бүгінде баланың отбасы балаға жасалатын отаға байланысты  жәрдем мен көмекке мұқтаж болып отыр. Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

"Ең басты арманым - қолдарым болса.." дейді бүлдіршін. Осы ақпаратты белгілі айтыскер Балғынбек Имаш та өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялаған болатын. 

"Жұма күнгі амалдарыңыз бен садақаларыңыз қабыл болсын, жақсылар!
Мына Балғынбек атты 11 жасар балақай тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылып қалған екен. Жүрегім ауырып отыр. Қолымыздан келгенше қолы жоқ балапанға көмек қолын созайықшы, бауырлар!
Аллаға шүкіршілік етіп, мүгедек балаға протез салып беруге ниет еткен азаматтар болса, жекеге шығыңыздаршы!"- деп халықты көмек қолын созуға шақырған болатын.

 

Қатысты Мақалалар