Қазақстандық спортшы қыз қарсыласын 54 секундта нокаутқа түсірді

/uploads/thumbnail/20170710011911390_small.jpg

Қазақстандық спортшы Фируза Шарипова ресейлік қарсыласы Виктория Котованы нокаутқа түсіріп жеңіске жетті. Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәскеуде өткен рейтингтік кездесу бірінші раундтың 54-ші секундында аяқталды. Шәріпова қарсыласын ногдаунға жібергеннен кейін, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы қыз өзінің спорт мансабындағы ең қысқа уақыттағы жеңіске жетті.

Шәріпова осылайша төртінші рет жеңіске жетті, оның екеуінде нокаутпен аяқталды. Сонымен қатар, оның бір жеңілісі бар. Ол Олимпиада-2012 ойындарының күміс жүлдегері ресейлік Софья Очигавадан жеңілген болатын.

Осы кездесуге дейін, Шәріпова әлемдік рейтингте BoxRec порталының нұсқасы бойынша 29-шы орында болатын.

Қатысты Мақалалар