Футболдан Англия құрамасының экс-капитаны, жергілікті «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының жұлдызы Дэвид Бэкхемге кезексіз рестораннан түскі ас ішуге мүмкіндік бермеді деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Oane.ws.-ке сілтеме жасай отырып.
Izaka-Ya жапон тағамының ресторанында сол уақытта бос орын болмай шыққан. Атақты футболист жанкүйерлерінің қуанышына қарай кезекте тұрудан бас тартпады. Қасындағы адамдармен емін-еркін әңгімелесіп, қолтаңбасын таратқан. 41 жасар жұлдыз онымен шектеліп қана қоймай жанкүйерлерімен фотоға түсуден жалықпаған.
Кезек бойынша ресторанға кірген Бэкхем өзінің ескі танысы, экс баскетболшы, NBA-дің бірше дүркін чемпионы Скотти Пиппенді кездестірді.
