Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті депутаттарының жалақысы 2017 жылдың 1 наурызынан бастап өскен болатын. Әзірге депутаттардың жалақысы қанша пайызға өскені нақты белгілі емес, кейбір деректерде 30 пайыз, өзгелерінде 50 пайыз деп көрсетілген. «Қамшының» хат қоржынына халық қалауларының алатын нәпақасы туралы Аймұханбет Бейсембековтің «900 000 және 24 000 жалақы немесе 12000 туралы ода!» деген өлеңі келіп түсті. Өзекті мәселені қаузаған жыр жолдарын оқырман назарына ұсынамыз.
Сенаттағы «семірген» халықтың «ерке құлдары-ай!»
Жарты миллион жетпей жүрген пұлдар-ай!
Жиырма төрт мың төменгі белгілеген жалақы,
Қай жерімен ойлаған Минфиннің «мырза» қулар- ай!
Ақсарайда отырып қамдарыңды ойламай,
Айтсаңдаршы осыны, айлық сұрап сайрамай!
«Сенген қойы» сендер ме? Халықтың мінген мойнына,
Мыналарың шын болса, «төгілді абырой айрандай!»
Қымбатшылық халықты буындырып барады.
Он екі мыңға сыйыпты, «күнкөріс» пен тамағы!
Халін білмес халықтың үкіметі ұсынған,
Осы заңды қолдаған Парламент қайтып оңады!
Депутаттар алатын тоғыз жүз мың жасасын!
Он екі мыңға «күнкөріс» - халық берді «батасын!»
Жиырма төрт мыңға сендерді отарғызса бір жылға,
Аттан! - салып «көк үйден» бәрің түгел қашарсың!
Қара халық күн санап кедейленіп барады.
Шеттен алған қарызды миллиардтап санады!
Құл болсаңдар халыққа, «Қожаңды» тойдыр алдымен,
Өздеріңді ойламай, болсаңдар егер саналы?!...
Аймұханбет Бейсембеков
Пікір қалдыру