Ауғанстандық азамат: «Босқын» мәртебесін бермесе де, Қазақстаннан кетпеймін

/uploads/thumbnail/20170710013538622_small.jpg

«Босқын» мәртебесінен айырылса да, ауғанстандық азаматтың өз еліне қайтатын ойы жоқ, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Ауғанстанның тұрғыны Мохаммад Пардис есімді азамат осы мәселені шешу үшін «Нұр Отан» партиясының филиалына барып арыз жазды. Шымкент қаласында өмір сүріп жатқанына 2 жыл болған. Бүгінде жиһаз құрастырумен айналысып, ел қатарлы өмір сүріп келе жатқанын айтады.

Енді «босқын» мәртебесі алынғандықтан азаматтың Қазақстанда жүруі заңсыз деп танылған. Алайда, Мохаммад өз отбасымен Қазақстан Республикасында өмір сүргісі келетіні, өзі тұрып жатқан жерді жақсы көретінін айтып, арыздануда. Балаларының осында білім алғанын қалайтын ол Ауғанстанда өмір сүрудің мүмкін еместігін де айтып қалды. Әке балаларының өмірі үшін алаңдайды.

Мамандар тәжік ұлты өкіліне заңға бағынып, аталған құжаттарды жинап келмесе, елден еріксіз түрде аластатылатынын түсіндірді. Нәтижесінде елге қайтып мүлде кіргізбеу туралы шешім шығуы мүмкін екенін де жеткізді. Алайда, босқын мәртебесін ала алмай жүрген азамат не болса да осында қаламын деп бекініп отыр.

Қатысты Мақалалар