Польшаның Щецине қаласында үш жасөспірім бала неміс зиратындағы 130 жуық қабірді бүлдірген деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі TVN24-ке сілтеме жасай отырып.
12 жасар қыз баламен 11 жасар екі ұл бала екі ай бойы зиратты бүлдіре бастаған. Құқық қорғау органдары жергілікті тұрғындардың көмегімен бұзақыларды анықтай алды. Польша полициясының түсіндіруі бойынша балалар өздерінің неге бұлай жасағандарын түсіндіре алмаған.
Елдегі заңға байланысты 13 жасқа дейінгі балалар құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Дегенмен олардың ата-аналары зиратқа келтірілген шығындарды толық өтеуге міндеттелді. Шығын құны нақты белгіленбеген. Полицияның нақтыланбаған есебі бойынша шығын кем дегенде бес мың долларды құрайды.