Естімеген ел де көп. 6 жасар қызға үйленген ер адам сотталды. Ауғанстандық 60 жастағы Мұхаммед Кәрім есімді ер адам кішкентай қызды өзіне сол қыздың ата-анасы сыйлық ретінде ұсынған екен. Бұл туралы «Қамшы» ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл қыз – оның ата-анасының маған берген сыйлығы» дейді Кәрім.
Ер адамның өзі дін қызметкері болып жұмыс атқарады екен. Полицей қызметкерлеріне берген мәліметінше қызға қолының ұшын да тигізбеген. Себебі, қыздың ата-анасымен сондай келісімге келген.
Дәрігер Нашфарин Шихабтың айтуынша, балада физикалық тұрғыдан да, психикалық тұрғыдан да мәселе туындамаған. Тек бүлдіршін 60 жастағы ер адамнан қорқып қалған дейді.
Дін қызметкері 6 жасар қызға 30-40 қонақтың және қыздың ата-анасының қатысуымен үйленгенін айтады. Алайда, полицей қызметкерлерінің мәліметінше, ата-анасы ол тойда болмаған. Қызды 1 ай бұрын ұрлап кеткен көрінеді. Сондай-ақ, ұрлаған адам Мұхаммед Кәрімге қызды сатып жіберген.
Арнай құқық қорғаушылар істің анық-қанығына көз жеткізбейінше ешқандай шешім шығармайтындарын айтты.