«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының кітапхана бөлмесінің оқырмандар залында «Ғылымды ұштастырған өмірімен» көрмесінің ашылуы болып өтті деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі. Көрме 12 сәуір ғылыми қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылды. Бұл мереке 2011 жылы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша тағайындалған. Сонымен бірге, Қазақ ғылым академиясының бірінші президенті, ғалым-геолог, көрнекті қазақ академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаев дүниеге келген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қоғам – ғылымының дамуымен, инновациялық жобалармен өзара тығыз байланыста болғандықтан, Қазақстан ғылымының дамуына үлесін қосып жатқан адамдарға алғыс айтпау мүмкін емес»,- деп ғылым саласының мамандарына қатысты пікірін білдірген болатын.
Көрме экспозициясына қорық-музейдің шығарған баспа кітаптары, ғылыми жұмыстары, конференция материалдары, каталогтары мен іс-шаралардан сыр шерткен бірегей фотолар көпшілік назарына ұсынылды.
"Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің баспасөз қызметі
Д.Қожамұратов