Жас ер-азаматтар үшін екі ай төсекте жататын бос жұмыс орны ашылды. Бұл үшін €16 000 төленетін болады, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі.
Жұмысты Тулузадағы (Франция) космостық медицина және физиология институты микрогравитацияның әсерін тексеру мақсатында ұсынып отыр.
20 және 45 жас аралығындағы дені сау ер адамдарды қабылдайды. Тәжірибеге қатысушылар 60 күн бойы төсекте қозғалмай жатуы керек. Және аяқтары денеден биігірек орналастырылады. Шарт бойынша олар осы қалыпта тамақтанып, осы қалыпта жуынуы тиіс.
Ғалымдардың айтуынша, тәжірибенің мақсаты әуеде жүрген кездерінде ғарышкерлердің бұлшық еттері қозғалыстарын, өзгерістерін тану. Олар осы арқылы ғарышта бұлшық еттің зақымдануына қарсы препарат ойлап таппақшы.