«Азаматтарға арналған үкімет» қанатқақты жобасы іске қосылды

/uploads/thumbnail/20170710020709610_small.jpg

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жетілдірілмек. Осы мақсат аясында «Азаматтарға арналған үкімет» атты ерекше режимді орталық ашылды деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жазды.

Министр жазғандай, министрлік «Азаматтарға арналған үкімет» қанатқақты жобасын іске қосты. Осыған сай енді Астанадағы Сауран 7 мекенжайындағы ХҚКО таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Мұның қаншалықты тиімді болары 2 ай бойы бақыланбақ. Егер келушілер қатары артатын болса, осындай ХҚКО-ларды Алматыда, сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінде де ашу қарастырылады.

Қатысты Мақалалар